Өзбекстанда селден екі бала қаза тапты

0
754

Екеуі де бір отбасының балалары


Өзбекстанда селден екі бала қаза тапты

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Наманған, Әндіжан және Сұрхандария облыстарында сел жүріп, 1 мыңнан астам үй зардап шекті, деп жазады 24.kz.

Табиғи апат салдарынан Наманған – Ташкент бағытындағы жолды су шайып кеткен.

Қазір пойыздар мен көліктердің қатынауы уақытша тоқтатылды.

Әндіжанда сел кесірінен екі бала қаза тапты. Құтқарушылар 2013 жылы және 2018 жылы туған ұл бала мен қыз баланың денесін тапқан. Екеуі де бір отбасының балалары болып шықты.

«Су тасқынына толассыз жауған жауын себеп», - дейді жергілікті атқамінерлер. Қазір апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.