«Ромео» сорты Өзбекстанда құрғақшылыққа төзімді, өнімділігі жоғары тәтті жүгері түрі ретінде таңдалған.
Фото: uza.uz
ERNUR.KZ. Украиналық селекционерлер Өзбекстан диқандарының талаптарын ескере отырып, жаңа «Ромео» тәтті жүгері сортын өсіріп, шығарды. Бұл жаңа сорт ұзын дәнді, жақсы жағдайда шамамен 33 сантиметрге дейін өседі, деп жазады inform.kz.
«Ромео» сорты Өзбекстанда құрғақшылыққа төзімді, өнімділігі жоғары тәтті жүгері түрі ретінде таңдалған. Сонымен қатар, украиндық селекционерлер құрғақшылыққа төзімді «Джамала» сортын да шығарған.
Ал, «Ромеоның» ерекшелігі – бұл ең ұзын сорт. Құрғақшылыққа төзімді сорттар фермерлерге егінді тұрақты өсіру мүмкіндігін береді, бұл климаттың өзгеруі жағдайында әсіресе маңызды.
Өзбекстанның кейбір аймақтарына бейімделген бұл сорттардың суды аз пайдалану мүмкіндігі бар.
Диқандар егіс алқабына құрғақшылыққа төзімді сорттарды егіп, өнімін арттырып, суды үнемдей алады. Соның ішінде «Ромео» сорты ауыл шаруашылығына өте қолайлы дақыл, делінген хабарламада.