Өзбекстандағы қазақтар да арыстықтарға қол ұшын созбақ

0
1 497

Арыс қаласында орын алған қайғылы жағдайға алыстағы ағайындар да алаңдаулы.


Өзбекстандағы қазақтар да арыстықтарға қол ұшын созбақ

ERNUR.KZ. Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының өкілдері жарылыстан қираған бір үйді жөндеп бермек. Ата жұрттағы алапат жарылысқа қобалжыған диаспора өкілдері бүгін бас қосып, осындай келісімге келді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Жалпы, көрші елде миллионнан астам қандасымыз тұрып жатыр. «Қайғыны бөліссең, азаяды» деген көрші елдің зиялы қауым өкілдері отандастарына басу айтып, қолдау білдірді.

– Осы тіктеу қоры ашылса. Қорға осы жердегі қазақтар да қарап тұрмайды. Шын көңілден жәрдем береміз деп келіп тұрғандары да көп. Қаланы тіктеп алуға күшіміз жетеді деп ойлаймын. Біз де қарап тұрмаймыз, - дейді Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов.

«Отандастар» қорының Өзбекстандағы өкілі Клара Садырбаева да Арыс қаласының тұрғындарына көмек қолын созатындарын жеткізді.

– Біз, Өзбекстанда өмір сүріп жатқан қазақ халқы қандастарымызға қол ұшын беріп, жәрдем көрсетеміз. Міне, бүгінгі күндегі олардың болып жатқан жағдайын түсінеміз. Сондықтан халыққа сабырлық тілеймін, - дейді ол.