​Пәкістан мен Үндістан арасында соғыс басталу қаупі бар

0
126

Бұған дейін Пәкістан әскерилері сенбіден жексенбіге қараған түні Үндістанның Джамму және Кашмир одақтық аумағындағы бақылау сызығында оқ жаудырған болатын.


​Пәкістан мен Үндістан арасында соғыс басталу қаупі бар

Фото: ТАСС

ERNUR.KZ. Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф алдағы 2-4 күн ішінде Үндістанмен соғыс басталу қаупі бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы пәкістандық Dawn газеті хабарлады, деп жазады inform.kz.


– Біз моральдық тұрғыдан дайын болуымыз керек, алдыда соғыс қаупі төніп тұр. Ол тіпті алдағы бір-екі, үш немесе төрт күн ішінде басталуы мүмкін деген қауіп бар, – деді министр.

Алайда ол өз мәлімдемесін соғыстың міндетті түрде басталатыны туралы болжам деп қабылдамау керек екенін, тек алдағы күндердің шешуші болатынын ескерткенін түсіндірді.
Хаваджа Асифтің айтуынша, егер Пәкістанның егемендігіне қауіп төнсе немесе елге әскери эмбарго қойылса, Пәкістан кез келген әскери әрекетке 100% дайын.
Министр сондай-ақ өңірдегі басқа елдер даулы жағдайларды болдырмауға және шиеленісті азайтуға күш салып жатқанын атап өтті.
22 сәуір күні қарулы адамдар Джамму мен Кашмир одағы аумағындағы әйгілі туристік қала – Пахалгамда террорлық шабуыл жасаған болатын. Әскери киім киген адамдар автоматтармен оқ жаудырған, 25 үнді азаматы мен 1 непалдық қаза тапты. Қылмыскерлер оқиға орнынан қашып үлгерген.
Көптеген адам жараланды. Шабуылды «Қарсылық майданы» атты топ өз мойнына алды. Бұл топтың Пәкістанда тыйым салынған «Лашкар-и-Тайиба» ұйымына қатысы бар. Осы оқиғадан кейін Үндістан Пәкістанмен су туралы келісімді тоқтатып, Нью-Делидегі пәкістандық кеңесшілердің елден кетуін талап етті. Сондай-ақ пәкістандықтарға берілген визалар да жойылды.
Бұған дейін Пәкістан әскерилері сенбіден жексенбіге қараған түні Үндістанның Джамму және Кашмир одақтық аумағындағы бақылау сызығында оқ жаудырғанын жаздық.