"Бетінен, ішінен аямай ұрған": Алматы облысында мектептердің бірінде оқушы қатарластарын әжетханада соққыға жыққан (видео)

0
121

Жантүршігерлік әрекет мектеп әжетханасында болған.


Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Желіде Алматы облысы Қараой ауылындағы №49 мектепте жоғары сынып оқушысы қатарластарына әлімжеттік жасағаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан жасөспірімнің оқушыларды ұрып-соғып жатқанын көруге болады, деп жазады stan.kz.

Жантүршігерлік әрекет мектеп әжетханасында болған. Тізіліп тұрған жасөспірімдерді жоғары сынып оқушысы бірінен соң бірін ұрып шығады. Ешбірін аямай, басы мен денесіне соққы береді. Балағат сөздерін де жаудырып жатыр. Ал оқушылар оның соққысы мен әдепсіз сөздерін үнсіз қабылдап тұр.

Аталған жағдайға қатысты Алматы облысы әкімдігі түсініктеме берді. Мәліметке сәйкес, білім басқармасы қызметтік тексеру тағайындапты.

"Мектептің, мұғалімдердің, ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен қызметтік тексеру жүргізіледі. Нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады. Оқушылардың қауіпсіздігі мен құқықтары қамтамасыз етіледі. Қандай шара қолданылғанын кейінірек хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде бір топ жігіт 11 сынып оқушысын қатыгездікпен соққыға жығып,пышақпен жарақаттағаны туралы жазған едік.