2026 жылдан бастап көліктер рөлсіз шығарылады

0
181

Мұндай жоспарларды Mercedes-Benz пен Toyota жариялаған, ал Tesla компаниясы классикалық рөлдің орнына электронды басқару жүйесін ішінара енгізіп үлгерген.


2026 жылдан бастап көліктер рөлсіз шығарылады

ERNUR.KZ. Әлемдегі бірқатар ірі авто өндірушілер классикалық рөлден біртіндеп бас тарту үдерісін бастады, деп деп жазады baq.kz.

Басылым авторларының мәліметінше, мұндай жоспарларды Mercedes-Benz пен Toyota жариялаған, ал Tesla компаниясы классикалық рөлдің орнына электронды басқару жүйесін ішінара енгізіп үлгерген.

Мәселен, Mercedes-Benz компаниясы 2026 жылы Steer-by-Wire технологиясын қолдайтын штурвалы бар EQS электрлі седанын шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.

Неміс корпорациясы атап өткендей, Steer-by-Wire технологиясы классикалық рөлді дөңгелектер мен механикалық байланысқан рөлді алмастыра алады. Оның орнына, штурвал қозғалыстары арнайы датчиктер арқылы жазылып, дөңгелектерге сымдар арқылы сигнал жіберіледі.

Mercedes-Benz өкілдері бұл жүйе көлікті дәлірек әрі жеңіл басқаруға мүмкіндік беретінін айтады. Сонымен қатар жүргізуші жол бетіндегі кедергілер мен соққыларды сезбейді. Инженерлердің айтуынша, жаңа басқару жүйесінде рөл колонкасы болмайды, сондықтан көлікке отыру және одан түсу әлдеқайда ыңғайлы болмақ.

Электронды рөлдік басқару жүйесін енгізу жоспарын Toyota да хабарлаған еді. Компания бұл технологияны өзінің Lexus еншілес бренді арқылы RZ атты жаңа көлікте ұсынбақ. Ал Tesla бұл жүйені өзінің Cybertruck электрлі пикаптарында қолданып үлгерді.