Пәкістан жерінің үштен бірі су астына кеткен

0
651

Су тасқынынан келтірілген шығын 10 миллиард долларға бағаланады.


Пәкістан жерінің үштен бірі су астына кеткен

ERNUR.KZ. Жаңбырлы маусымның салдарынан Пәкістан су астында қалды, деп жазады inbusiness.kz.

Жергілікті билік табиғи апатты "ел тарихындағы ең ауыр кезең" деп атады.

Табиғи апат 33 миллион адамға зиян келтіріп, 1,6 миллион үйді қиратты, ал жалпы шығын 10 миллиард долларға (609 миллиардтан астам рубль) бағаланды. Бүгінгі таңда 1314 адам қайтыс болды, 12 мың адам жарақат алды, көбісі баспанасыз қалды.

Жағдай Манчар еліндегі ең үлкен көлдің тасып, Синд провинциясының ең көп қоныстанған аудандарын су басуымен күрделене түсті. Су тасқыны сонымен бірге егіннің 90%-ын жойды, салдарынан жергілікті халық ашаршылық алдында тұр.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф су тасқынынан зардап шеккендерге ақшалай төлемдерді 70 миллиард пәкістан рупийіне (313,90 миллион доллар) көбейткен үкімет мәжбүрлі қоныс аударушылардың отбасыларын орналастыру үшін 200 мың шатыр сатып алатынын атап өтті.

Халықаралық қауымдастық көмегі

Климаттық өзегрістердің қарқын алуы салдарынан Пәкістанда туындаған мәселелерге халықаралық қауымдастықтар да алаңдаушылық білдіруде. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сейсенбіде су тасқынынан зардап шеккен Пәкістанға сапары кезінде бүкіл әлем елдерін кең ауқымды қолдауға шақырды. Біріккен Ұлттар Ұйымы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін 160 миллион доллар көмек сұрады.

Табиғи апатқа ұшыраған Пәкістан еліне Орталық Ақия елдері де қолдау білдіруде. Мысалы, Түрікменстан Пәкістан тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді. Өкімге Ел Президенті Сердар Бердімұхамедов қол қойды.

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға дәрі-дәрмектер, медициналық құралдар, қажетті тауарлар мен азық-түлік жіберілді. Түрікменстаннан келген жүк ұшағы Карачиге қонды. Пәкістан тарапы Түркіменстан басшылығы мен халқына алғысын білдірді.

Сонымен қатар зардап шеккендер жақын арада Тәжікстаннан гуманитарлық көмек алады. Гуманитарлық көмек жіберуді ел президенті Эмомали Рахмон бұйырды. Жүк бағанасы 7 қыркүйекте Пәкістанға су, ұн, көмір, цемент және шифер жеткізеді.