Қарағандыда жоғары шенді полиция полковнигі қаза тапты

0
137

Қарағанды қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары-полиция полковнигі Құсайынов Бекжан Төлеуұлы 53 жасында кенеттен өмірден өткен.


Қарағандыда жоғары шенді полиция полковнигі қаза тапты

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. 2025 жылдың 21 сәуірінде Қарағанды қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары – полиция полковнигі Бекжан Құсайыновтың қайтыс болғаны туралы жайсыз хабар тарады, деп жазады zakon.kz.

Өңірлік полиция департаменті мәліметінше, Қарағанды қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары-полиция полковнигі Құсайынов Бекжан Төлеуұлы 53 жасында кенеттен өмірден өткен.

"Бекжан Төлеуұлы 30 жылдан астам өмірін Отанға қызмет етуге, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қорғауға арнады. Ол қызмет жолын 1992 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық Ішкі істер бөлімінде патрульдік-бекет қызметінде милиционер лауазымынан бастады. Қызмет баспалдағының барлық сатысынан өткен Бекжан Төлеуұлы әр жылдары жауапты лауазымдарда қызмет етіп, кейінгі жылдары қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымында еңбек етті. Ол әрқашан жоғары кәсіби біліктілігімен, өзіне және әріптестеріне талап қоя білетін қасиетімен, принцпшілдігімен, адалдығымен және адамдарға деген құрметімен ерекшеленді. Полиция полковнигі Құсаинов қызметіне адал, антына берік, шыншыл және қайырымды нағыз офицер болды", делінген көңіл айту хабарламасында.


Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына орыны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Жергілікті интернет парақшалардың бірінде Бекжан Құсайынов Қарқаралыдан екі шақырым жерде, Қарағанды – Аягөз тас жолында сағат 3:00 шамасында болған жол апаты салдарынан қаза тапқаны айтылады. Nissan X-Trail көлігін тізгіндеген болуы мүмкін жоғары дәрежелі полиция қызметкері рөлге ие болмай, тік бұрылыста кюветке ұшып кеткенге ұқсайды. Полковник оқиға орнында көз жұмды.