Панамада "Игра в кальмара" стиліндегі кеш соңы атысқа ұласты

0
557

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуыл жасаған адам сол жерде көз жұмған.


Панамада

ERNUR.KZ. Панамада "Игра в кальмара" стліндегі кеш соңы атысқа ұласып, кем дегенде сегіз адам қаза тапты, - деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға 29 қазанда Санта-Ана қаласындағы боулинг клубында "Игра в кальмара" сериясының негізінде безендірілген Хэллоуин кешінде болды. Кеште екі жергілікті қылмыстық топ атыс ұйымдастырған. Нәтижесінде бес адам оққа ұшып, жақын маңдағы қоқыс жәшігінен тағы үш адамның мәйіті табылған.

Покуратор Рафаэль Балойестің айтуынша, кеш қонақтарының бірі бәсекелес "Los Galácticos" қылмыстық бандасының мүшелеріне бей-берекет оқ атқаннан кейін атыс басталған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуыл жасаған адам сол жерде көз жұмған. Құқық қорғау органдары екі күдіктіні, оның ішінде атыс құрбандарының бірінің ағасын ұстады.

Бұған дейін америкалық және еуропалық мектептер "Игра в кальмара" сериалына негізделген Хэллоуин костюмдеріне тыйым салған болатын.