Перзентханада ауысып кеткен нәресте 51 жылдан соң ата-анасын іздейді

0
2 060

ERNUR.KZ. 51 жастағы жапон азаматы өзінің перзентханада ауысып кеткеніне көз жеткізіп, енді ата-анасын іздеуде.


Перзентханада ауысып кеткен нәресте 51 жылдан соң ата-анасын іздейді

ERNUR.KZ. 51 жастағы жапон азаматы өзінің перзентханада ауысып кеткеніне көз жеткізіп, енді ата-анасын іздеуде.

Медициналық қызметкерлердің жаңа туылған нәрестенің қолына тағатын белгісінің ауыстырып жіберуі нәтижесінде ол өзінің шын ата-анасынан өмірге келе салып-ақ ажырап қалған, деп жазады life.ru.

Өскен сайын баланың ата-анасына мүлде ұқсамауы көпшілікке қызық бола бастаған. Тіпті, оған мектепте де ата-анасына ұқсамайтындығы туралы жиі айтылған. Онын анасы өз баласы екендігін қанша дәлелдегісі келгенмен, әкесі сенбей отбасын тастап кетіп қалған.

Тек 51 жасқа толғанда ғана азамат өзіне ДНҚ талдауын жасатып, ата-анасының мүлде бөтен адамдар екеніне көз жеткізген. Содан соң туған ата-анасын іздей бастаған. Бірақ өзі өмірге келген перзентхана оған көмектеспей отыр.

Жапондық азаматтың ендігі үміті – Жапония Денсаулық сақтау министрлігінде ғана.

«Мен өзімнің биологиялық ата-анамды бір рет көріп тілдескім келеді. Мен оларға ұқсаймын ба, тіпті, олар тірі ме?...» - дейді жапондық азамат.