Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытайдың сыртқы саяси ведомствосымен өткізген консулдық мәселелер туралы консультацияларында аспан асты елінде қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытайдың сыртқы саяси ведомствосымен өткізген консулдық мәселелер туралы консультацияларында аспан асты елінде қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан-Қытай консультацияларының консулдық мәселелер бойынша кезекті отырысы өткен аптада Бейжіңде өткені айтылады. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, ал Қытай делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Го Шаочунь басқарған.
Тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың, екі елдің азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудың, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай тұрғындарының өзара сапарларының өзекті мәселелері бойынша толыққанды келіссөздер жүргізді.
Қазақстандық тарап Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған этникалық қазақтардың жағдайына қатысты мәселені қозғады. Қытайда қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтардың істерін объективті және әділ қарау мен оларды босату туралы табанды тілек айтылды. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағындағы этникалық қазақтардың мәселелерін шешудің ортақ амалын ойластыруға уағдаласты.
Сонымен қатар, консультациялар барысында елдер арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселелері талқыланды. Тараптар екі елдің халықаралық әуежайларында Қазақстан және Қытай азаматтарының келу/кету және транзитпен өту тәртібі туралы ақпарат алмасты.
Визалық саясат саласында туындайтын мәселелердің техникалық сипатын ескере отырып, тараптар екі ел азаматтарының өзара сапарлары үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екендігін білдірді, сондай-ақ тұрақты консультацияларды одан әрі жалғастыруға келісті.