Ресей мен Солтүстік Корея әскери серіктестік келісімін бекітті

0
256

Мәскеу мен Пхеньян арасындағы келісім тараптардың біріне кез келген мемлекет қарулы шабуыл жасаған жағдайда бір елден екінші елге әскери көмек көрсетуді қарастырады.


Ресей мен Солтүстік Корея әскери серіктестік келісімін бекітті

Фото: LRT

ERNUR.KZ. Солтүстік Корея Ресеймен жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялады, деп жазады inbusiness.kz.

Кореяның орталық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тиісті құжатқа дүйсенбі қол қойды.

Келісім ратификациялық грамоталармен алмасу күнінен бастап күшіне енеді. Ресей оны екі күн бұрын бекітті.

19 маусымда Ресей президенті Владимир Путиннің сапары барысында КХДР астанасында Мәскеу мен Пхеньян арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Сонымен қатар, келісім тараптардың бірі кез келген мемлекеттің қарулы шабуылына ұшырап, соғыс жағдайына тап болса, бір елден екінші елге "барлық тәсілмен" әскери және басқа да көмек көрсетуді қарастырады.