Ресейде белгісіз адам атыс ұйымдастырды

0
484

Бұған дейін Дербенттегі синагога мен шіркеуге белгісіз біреулер оқ атқан.


Ресейде белгісіз адам атыс ұйымдастырды

ERNUR.KZ. Ресейдің Ростов облысы бойынша ІІМ өкілі белгісіз адам Батайскідегі көшеде атыс ұйымдастырғанын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Оның айтуынша, Ресей ІІМ-нің Батай қаласы бойынша полиция бөліміне Воровский көшесіндегі оққа ұқсас дыбыстар туралы хабарлама түскен.

"Полицейлер белгісіз адамның травматикалық тапаншаға ұқсас заттан оқ атқанын анықтады. Полицейлер күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған іс – шаралар кешенін жүргізуде", - деді РИА Новости.

Жәбірленушілер мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін Дербенттегі синагога мен шіркеуге белгісіз біреулер оқ атқан, сонымен қатар Махачкалада жол полициясы бекетіне шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Ресей Тергеу комитетінің Дағыстан Республикасы бойынша Тергеу басқармасы Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205 ("Террористік акт") 1-бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кейін Махачкала мен Дербентке жасалған қарулы шабуылдың салдарынан алты полицейдің қаза тапқаны белгілі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 15-тен астам полиция қызметкері, сондай-ақ бірнеше бейбіт тұрғын, соның ішінде Орыс православие шіркеуінің діни қызметкері лаңкестік әрекеттердің құрбаны болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге Дағыстандағы лаңкестік әрекеттерге байланысты көңіл айтты.