Ресейде мұнай өнімдері сақталатын резервуарлар өртенді

0
713

​Украинамен шектесетін Брянск облысының Сураж ауданында сәрсенбіге қараған түні мұнай өнімдері бар резервуарлар өртенді.


Ресейде мұнай өнімдері сақталатын резервуарлар өртенді

ERNUR.KZ. Бұл туралы облыс губернаторы Александр Богомаз хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ол өрттің ауданын 1800 шаршы метрге бағалады. Өрттің себебін губернатор нақтыламады. Оқиға орнына өрт сөндіру пойызы мен ТЖМ аэроұтқыр тобы жіберілді, деп қосты Богомаз. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Таңертең ТАСС төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасай отырып, дизельдік резервуарды шарпыған өрттің ауданы 4000 шаршы метрге жеткенін, яғни екі есе өскенін хабарлады. Өрт сөндірілді.