Ресейде ҰОС-да мерт болған қазақстандықтардың мүрдесі табылды

0
729

Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен еліміздің өңірлеріндегі жергілікті әскери басқарма органдары арқылы қаза болған жауынгерлердің туған-туыстарын іздеу жұмыстары жүргізіледі.


Ресейде ҰОС-да мерт болған қазақстандықтардың мүрдесі табылды

ERNUR.KZ. Қазақстанның Қорғаныс министрлігі 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында мерт болған қазақстандықтардың мәйіті мен Ресей Федерациясы Иванов облысы аумағында жерленгені жайлы мәлімет алды, деп жазады Тengrinews.kz.

Мәліметтер Иванов облысының әскери комиссариатындағы әскери жерленгендер есебіндегі деректерден алынып, Ресейдің Қорғаныс министрлігінен Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мекенжайына жіберілген.

"Тізімде 73 қазақстандық бар. Қазақстанның әртүрлі облыстары, қалалары мен аудандарының қатардағы жауынгерлері, ефрейтрлер, сержанттары, капитандары мен старшиналары Иванова, Комсомольск, Кохма, Пучеж, Кинешма, Тейкова қалаларының, сонымен қатар Иванов облысындағы №1 және 2 зираттарында жерленген. Осыған дейін жауынгерлердің қаза болған жерлері мен мәйіттерінің орны белгісіз болды. Аталмыш мәліметтер қазақстандықтарға жақындарын табуға септігін тигізуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен еліміздің өңірлеріндегі жергілікті әскери басқарма органдары арқылы қаза болған жауынгерлердің туған-туыстарын іздеу жұмыстары жүргізіледі.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде Ивановка облысының аумағында жерленген қазақстандық-жауынгерлер тізімін мына жерден көре аласыздар.