Ресейдегі Nissan зауыты Lada көліктерін шығаратын болады

0
645

АвтоВАЗ-дың бас директоры Максим Соколов Санкт-Петербургтегі бұрынғы Nissan автомобиль зауытының ертеңінен хабардар етті.


Ресейдегі Nissan зауыты Lada көліктерін шығаратын болады

ERNUR.KZ. Ресейлік автоконцерн өндірісті өз қажеттіліктеріне қарай рекордтық мерзімде қайта бейімдеуді жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz.

"Тапсырма өте күрделі: зауытты қайта форматтауға тура келеді. Тек Nissan автомобильдерін шығаруға арналған зауыт қазір мүлдем басқа модельдер шығаруы тиіс болады, бірақ әдеттегідей бәрінтқысқа мерзімде бітіреміз деп отырмыз", - деді Соколов басылымға берген сұхбатында.

АвтоВАЗ басшысы бейімделудің күрделілігін компания үшін жаңа модельдер шығарумен түсіндірді. Санкт-Петербургте компания C және D класты машиналар, соның ішінде кроссоверлер мен седандар өндірісін ашпақ.

Сондықтан алдымен АвтоВАЗ достық қарым-қатынастағы серіктестерінің көмегін пайдаланады, олар зауытқа тек соңғы өңдеуді қажет ететін дайын машина кешендерін қояды.

"Келешегі жақсы: бұл алаңның максималды қуаттылығы - жылына 110 мыңнан астам автомобиль. 2024 жылы біз нарыққа Lada брендін ілгерілету жөніндегі міндеттерге байланысты 40-60 мың көлік өндіре аламыз", - деп қосты Соколов.