ТЖМ баспасөз қызметі өртке ең жоғары деңгей берілгенін атап өтті.
ERNUR.KZ. РФ Брянскі қаласындағы мұнай базасының аумағында резервуар өртенді, деп жазады ҚазАқпарат.
ТЖМ баспасөз қызметі өртке ең жоғары деңгей берілгенін атап өтті.
«Өрт шыққаны рас. Резервуардан шыққаны да рас. Барлық қызметтер оқиға орнына кетті», - деді баспасөз қызметі.
Брянск облыстық ТЖМ Бас басқармасының мәліметінше, өрт туралы хабар Мәскеу уақытымен сағат 02:00-де түскен.
«Оқиға орнына өрт-құтқару қызметі жіберілді. Оған өрттің жоғары деңгейі берілді. Оқиға орнына жеткенде мұнай базасының аумағынан өрт шыққаны анықталды», - деп атап өтті ведомстводан.