Ресейге адыраспан апарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

0
283

Сондықтан биылғы ақпаннан бастап оны тасымалдағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


Ресейге адыраспан апарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Фото: pxhere

ERNUR.KZ. Ресейге адыраспан апарып, тұтқындалған отандастарымыздың саны артты, деп жазады zakon.kz.

Өйткені көрші елдің заңнамасына сәйкес, адыраспан шөбі құрамында есірткі немесе психотропты заттар бар өсімдіктердің тізіміне енгізілген.

Сондықтан биылғы ақпаннан бастап оны тасымалдағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ресейде адыраспанды қолданғандар, сатқандар және сақтағандар 1 миллион рубльге дейін, яғни 5 миллион теңгеден астам айыппұл арқалап, тіпті бас бостандығынан айырылады.

"Ресей Федерациясына адыраспанды алып келу заң бұзушылық болып есептеледі, оған үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сондықтан бұл мәселені өте мұқият қарау керек. Біз елшілік мысалы, консулдық бөлім, біздің бас консулдықтар да міндетті түрде біздің азаматтарымызға біз көмектесеміз, бірақ Ресей Федерациясының заңын бұзған кезде, ұсталған кезде, оның бәрі дәлелденгеннен кейін, міндетті түрде біздің азаматтарымыз тұтқындалады."Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі