Ресейлік турист Анталия әуежайындағы дәретханада босанып, жаңа туған нәрестесін сол жерге тастап кеткен

0
281

Әйелде жасырын жүктілік болған.


Ресейлік турист Анталия әуежайындағы дәретханада босанып, жаңа туған нәрестесін сол жерге тастап кеткен

Сурет: Х/Haberturk

ERNUR.KZ. Түрік әуежайында жаңа туған шақалағын тастап кеткен "көкек ана" жайлы тың ақпараттар пайда болды, деп жазады zakon.kz.

Туристтің адвокаты Айшегүл Кубра Полаттың айтуынша, әйелде жасырын жүктілік болған. 18 жастағы Екатерина Бурнаскина өзінің жағдайы туралы бала туылғаннан кейін ғана білді, артық салмағы мен гормоналды мәселелеріне байланысты бұл жайында мүлдем күдіктенбеген.

Екатерина 13 қазанда босанды. Бірнеше күн бұрын ол анасы Еленамен бірге Аланья ауруханасына ас қорыту шағымдарымен барған. Ресейге ұшқан күні оның іші қатты ауырып, дәретханаға бірнеше рет барып, баланы сонда дүниеге әкелген. Сондай-ақ, анасының қасына нәрестесіз оралған.

Болған оқиға жайлы жас турист анасының жүрек талмасы бар екенін ескеріп, хабарламаған. Бұған қоса, рейске кешігіп келулері де себеп болған.

"Анасы мен қызы 10 күндік демалысқа ұшып келген, бұған дейін де осындай сапарлары болған", – деді адвокат.

Қазір екі әйел де түрік түрмесінде. Әлі де болған оқиғаға сенер-сенбестерін білмейді. Олар кісі өлтіруге оқталғаны үшін айыпталуда. Адвокаттың айтуынша, күдіктілер баланы Ресейге алып кеткісі келеді.


Ал, дәретханада жатқан нәрестені әуежайдың тазалаушысы тапқан. Шақалақ тірі болып шықты.