Жұмылдырудан бас тартқан ресейліктер 200 мыңнан 500 мың рубльге дейін айыппұл төлейді, бес жылға дейін мәжбүрлі жұмысқа тартылады және бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
ERNUR.KZ. Осылайша, Мемлекеттік Дума заңнамадағы олқылықтарды жоюға кірісті. Кешіктірілмей жұмылдыруға қатысудан бас тартқан ресейліктерге қатысты қылмыстық жауапкершілік әлі нақтыланған жоқ, деп жазады zakon.kz.
Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы Мемлекеттік Думаға жіберіледі, оған сәйкес жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақырудан жалтарған ресейліктер қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды «Известия» төменгі палатадағы екі дереккөзге сілтеме жасап.
Дереккөздердің хабарлауынша, жұмылдырудан бас тартқан ресейліктер 200 мыңнан 500 мың рубльге дейін айыппұл төлейді, бес жылға дейін мәжбүрлі жұмысқа тартылады және бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Бүгінгі ішінара мобилизация бұлай айтып отырған жоқпыз, тек біздің елде 1941 жылдан бері мұндай шара болмаған. Сондықтан бұл туралы көптеген заңдар жұмыс істемеді.Эрнест Валеев
Эрнест Валеев мобилизация жұмыстары аяқталғанымен, бұл оның бір күні қайта қажет болмайтынына кепілдік бермейтінін атап өтті.