«Робот-полицейден» сақ болыңыз

0
1 742

Жаяу жүргінші бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемей, жолдан өтіп кетуге тырысқан адамға автоматты жүйе су шашады. Алғашқы «жазасын» жолды кесіп өтпек болғанда алған жүргінші, екінші рет кері қайтқанда тағы да жазаланады.


 «Робот-полицейден» сақ болыңыз

Қытай билігі жол ережесін бұзушыларды арнайы роботпен жазалау тәсілін енгізді. Оны Хубэй провинциясына қарасты Дайе қаласының полиция қызметкерлері ойлап тапқан, деп хабарлайды ERNUR.kz hi-news.ru порталына сілтеме жасап.

Жаңа қондырғы Дайе қаласының ең үлкен жаяу жүргіншілер жолағының біріне орналастырылған. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда робот жаяу жүргіншілерге өтуге болатынын хабарлайды. Бірақ қауіпсіздік ережелерін сақтап, жолдан барынша тезірек өтуге тырысу қажет. Ал, қызыл түс жанғанда робот «суға шомылдыратынын» ескертіп, қозғалысты тоқтату керектігін хабарлайды.

Жаяу жүргінші бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемей, жолдан өтіп кетуге тырысқан адамға автоматты жүйе су шашады. Алғашқы «жазасын» жолды кесіп өтпек болғанда алған жүргінші, екінші рет кері қайтқанда тағы да жазаланады.

Сонымен бірге, арнайы қондырғаға бейнекамера орналастырылған. Ол ереже бұзушыны түсіріп алады да, айыппұл жазып береді.

Қала басшылығы «робот-полицейдің» еңбегіне дән риза. Алдағы уақытта дәл осындай қондырғыларды басқа да қалаларға орнатуды көздеп отыр. Айта кетерлігі, қондырғыны бір жолаққа орналастыру құны 200 000 АҚШ долларын құрайды.