Шахтадағы апаттан кейін із-түссіз кеткен адам тірі табылды

0
818

5 шілдеде Кузбастағы "Распадская-Кокс" шахтасының учаскелерінің бірінде тау жынысы опырылды.


Шахтадағы апаттан кейін із-түссіз кеткен адам тірі табылды

ERNUR.KZ. Кузбасстағы "Распадская-Коксовая" шахтасында болған жағдайдан кейін (қабырға опырылуы) жоғалып кеткен жұмысшы тірі табылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Іздестіру-құтқару операциясы аяқталды. Шахтер тірі табылды, қазір медициналық мекемеде жатыр",- деді Ресей Төтенше жағдайлар министрілігінің баспасөз хатшысы.

5 шілдеде Кузбастағы "Распадская-Кокс" шахтасының учаскелерінің бірінде тау жынысы опырылды. Екі жұмысшы зардап шекті, тағы екеуі хабар-ошарсыз кетті. Кейін жоғалып кеткендердің бірінің денесі табылып, жер бетіне шығарылды. 7 шілдеде үйінділерді талдау кезінде екінші жоғалған кеншінің датчигі табылған.

Облыс прокуратурасы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заңнаманың орындалуына тексеру жүргізіп жатқаны хабарланды.

"Распадская" компаниясы (Evraz құрамына кіреді) елдегі ірі кокстелетін көмір өндіретін кәсіпорындарды біріктіреді. Атап айтқанда, "Распадская" шахтасы, "Распадский разрезі", "Распадская-Кокс" шахтасы, "Межегейуголь" шахтасы, "Алардинская", "Осиниковская", "Усковская", "Ерунаковская" және "Есаул" шахталары. JORC компаниясының расталған және ықтимал көмір қоры 2021 жылдың соңында 1,8 млрд тоннаға бағаланды.