Бұл ісім үшін мені жек көріп кетсе де, маған бәрібір, себебі тәртіп керек.
Өзбекстанның Жастар одағы Орталық кеңесінің төрағасы Кахрамон Куранбаев журналистермен кездесуінде Андижан, Ферғана және Мананганға жасаған сапары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. kun.uz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Осы сапарларының бірінде ол көшедегі жастар мінген кортежді тоқтатып алып, оларды таксиге отырғызып қойған.
"Кортеждің басқа көліктерін кері бағытта жүруін бұйырдым. Мұндай қымбат жағдай көшелерде әрқайсымызға ыңғайсыздық туғызады. Бұл ісім үшін мені жек көріп кетсе де, маған бәрібір, себебі тәртіп керек. Жастарды дұрыс тәрбиелей алмасақ, Жастар одағы тәрбие бере алмаса, біз орнымызды босатайық", - деді Куранбаев.
Осыдан кейін әлеуметтік желілерде шенеуніктің әрекеті қызу талқыға түсе бастаған. Оқиғаға қатысты пікір білдірген Куранбаев күйеу жігіт пен қалыңдыққа түсіндіріп, заң аясында жұмыс істегенін жеткізген. Сондай-ақ, ол ішкі істер органдарынан кортеждің мәселесімен айналысуды сұрады.
Жастар қозғалысының лидері жастардың қарсы болмағанын және "үлгілі" той өткізілгенін айтқан. Түсінбеушілік пен көңіл толмаушылық болған жоқ, дейді шенеунік.
Ал мұның алдында Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзиеев мемлекеттік шенеуніктер қатысатын той шараларын сынаған болатын.
"Премьер-министрлерге, хокимдерге, атқарушы билік өкілдеріне тойға баруға тыйым салынады. Мемлекеттік қызметтегі көліктерді шайханалардың маңында көретін болсам, жұмыстан қуып, қылмыстық жауапкершілікке тартқызамын", - деп мәлімдеген еді Мирзиеев.
Сол кезде өзбек басшысы тойдағы тәртіпті реттейтін қаулы шығарылатынын айтқан.