Қызығушылыққа негіз болған дүкеннің экстерьері - ол көшпенділердің баспанасы болған қазақ киіз үйінің стилінде салынған.
ERNUR.KZ. Швейцария тауларындағы Санкт-Мориц курортында сәнді pop-up store Louis Vuitton дүкені ашылды, деп жазады tengritravel.kz.
Қызығушылыққа негіз болған дүкеннің экстерьері - ол көшпенділердің баспанасы болған қазақ киіз үйінің стилінде салынған. Бутиктің уақытары бренд символдарымен әрленген, керегесі де солай безендірілген сонымен қатар ішінен айна орнатылған. Киіз әппақ түсте қоңыр сызықтармен үйлескен.
Фото:
Француз сән үйінің ресми сайтында Louis Vuitton St Moritz & Yurt Pop-Up 16 желтоқсаннан келер жылдың 10 сәуірге дейін жұмыс істейтіні айтылады.
Айта кетейік, бренд бағалы сөмкелер мен чемодандарды шығарумен айналысады. Сондай-ақ, футболдан Катарда өткен әлем біріншілігінің кубогы Louis Vuitton жасаған арнайы футлярға салынған.
Осыған дейін қазақстандықтар Gucci жарнамасында қазақтың домбырасы мен ұлттық әшекейлерін байқағаны айтылды.