Сиырдың зәрін ішеді: Кей адамдар коронавирустан қалай емделіп жатыр

0
1 007

Кей елде ақылға қонымсыз ем түрлері бар.


Сиырдың зәрін ішеді: Кей адамдар коронавирустан қалай емделіп жатыр

ERNUR.KZ. Әлемнің әр түкпіріндегі мамандар жаңа вирустың емін табу үшін барлығын жасағанымен, кейбір адамдар өздерін және айналасындағылардың бәрін өздері емдеуге тырысып жатыр. Кей елде ақылға қонымсыз ем түрлері бар, деп жазады stan.kz.

Кей елдердің халқы дәрігерлерден гөрі адамдар өз күштеріне көбірек сенетін сияқты. Дәлірек айтсақ, жүздеген жылдар бұрын қолданысқа ие болған ескі әдісті қолданады.

Айта кетейік, Қызылорда облысында өзін емшімін деп таныстырған азамат адамдарды аяқпен емдейтінін айтқан еді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен науқастар келген. Медициналық білімі жоқ 70 жастағы Кенжебай қария әлемді әбігерге түсірген індетті үйінде отырып емдегені туралы БАҚ бетінде хабарланды.

Үндістан өзінің киелі сиырларымен таңғалдырады. Олар сиыр зәрінің барлық ауруларды емдей алатынына сенімді.

Бірақ екі шарт бар - несеп тек таза, бұқамен қосылмаған сиырдан алады. Зәрді күн шыққанға дейін ішеді.

Түрікменстанда адамдар мүлдем басқа деңгейге көшті - ел президенті үй-жайларды адыраспан түтінімен аластауға кеңес берді. Міне, жаңалық. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл өсімдік таңғажайып емдік қасиетке ие. Сонымен қатар, ежелгі дәуірден бері ата-бабалары осындай маңызды рәсімді әр маңызды оқиға кезінде жасаған. Ата-бабалар қателесуі мүмкін емес деп санайды.

Ал, Шешенстан президенті Рамзан Қадыров жерлестеріне дүрбелеңге салынбауға кеңес берді. Сөзінше, өзі секілді лимон мен бал қосылған су ішіп, сонымен қатар сарымсақ жеу керек. Сонда қан таза болады деп кеңес берді.