Осы уақытқа дейін Оңтүстік Кореяның көптеген аймағында Солтүстік Кореядан ұшырған 150 әуе шары табылды.
ERNUR.KZ. Yonhap ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның Біріккен штабы Солтүстік Кореяның Оңтүстік Кореяға қарай нәжіс пен қоқыс толтырылған көп мөлшердегі шарларды жібере бастағанын мәлімдеді, деп жазады inform.kz.
Осы уақытқа дейін Оңтүстік Кореяның көптеген аймағында Солтүстік Кореядан ұшырған 150 әуе шары табылды. Шарлардың кейбірі қонды, ал басқалары әлі де ауада қалқып тұр. Шарлармен тасымалданатын заттардың барлығы қоқыс пен нәжіс екені расталды.
Бұл шарларды жинау және талдау жұмыстарын жүргізуге Оңтүстік Корея әскерилерінің биохимиялық шабуылдардың алдын алу жөніндегі «CRRT» департаменті мен жарылғыш оқ-дәрілердің алдын алу жөніндегі «EOD» департаменті бөлімшелердің жеке құрамы жұмылдырылды.
Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяны халықаралық құқықты бұзды және Оңтүстік Корея азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірді деп айыптап жатыр.
Оңтүстік Корея әскерилері қазіргі жағдайды шешу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының қолбасшылығымен бірлесіп жұмыс атқаратынын мәлімдеді және азаматтарға Солтүстік Кореяның әуе шарларын байқаған жағдайда дереу полицияға хабарласу керектігін ескертті.
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Кореяның ресми ақпарат құралдары 26-сы күні Оңтүстік Кореяның кейбір азаматтық қоғамдарының Солтүстік Кореяға үгіт-насихат парақшаларын тастауына байланысты жауап ретінде әрекет жасайтынын хабарлаған.
Солтүстік Корея 2016 жылы да Оңтүстік Кореяға қоқыс тасымалдайтын шарлар жіберген екен.