Солтүстік Корея ядролық қарумен жабдықталған сүңгуір қайықты қолданысқа берді

0
574

KCNA мемлекеттік ақпарат агенттігінің дерегінше, жаңа сүңгуір қайық сәрсенбі күні Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын қатысқан іс-шарада таныстырылды.


Солтүстік Корея ядролық қарумен жабдықталған сүңгуір қайықты қолданысқа берді

ERNUR.KZ. Солтүстік Корея тактикалық ядролық қарумен жабдықталған атомдық сүңгуір қайығын суға жіберді, деп жазады ҚазАқпарат.

KCNA мемлекеттік ақпарат агенттігінің дерегінше, жаңа сүңгуір қайық сәрсенбі күні Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын қатысқан іс-шарада таныстырылды. Оның айтуынша, «бұл – келешекте ядролық қаруды қарқынды дамытудың бір бөлігі».

№ 841 сүңгуір қайыққа аталған елдің қаһарманы Ким Кун Октың есімі берілген.

Ким Чен Ын КХДР суасты қайықтарының барлығын ядролық қарумен жабдықталған әскери кемеге айналдыратынын атап өтті.

Nuclear Threat Initiative Америка аналитикалық орталығының дерегі бойынша, Солтүстік Кореяда 64-тен 86-ға дейін суасты қайығы бар. Ол – әлемдегі ең ірі суасты флоттарының бірі. Дегенмен сарапшылар сүңгуір қайықтардың жылын ескере отырып, олардың бәрі жұмыс істейтініне күмәнмен қарайды.