Суицидтік ойдың туындағанын қарапайым қан анализі арқылы анықтауға болады

0
819

Соңғы 20 жылда әлемнің көптеген елінде суицидтің орташа көрсеткіші тұрақты түрде төмендеп келеді Суицидтік ойдың туындағанын қарапайым қан анализі арқылы анықтауға болады


Суицидтік ойдың туындағанын қарапайым қан анализі арқылы анықтауға болады

ERNUR.KZ. Калифорния университетінің Сан-Диего медицина мектебінің (АҚШ) ғалымдары депрессия мен суицидтік ойдың туындауын қарапайым қан анализі арқылы анықтауға болатынын дәлелдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Олар депрессия мен суицидтік ойлар жұқпалы аурулар мен қатерлі ісік сияқты ағзадағы зат алмасуға (метаболизмге) әсер ететінін анықтады. Метаболизмнің өзгеруі сөзсіз қанның химиялық құрамының өзгеруіне әкеледі, онда белгілі бір метаболикалық бұзылуларға тән ерекше қосылыстар пайда болады. Оларды биомаркерлер деп атайды. Әрбір аурудың қан анализі кезінде анықталатын биомаркерлердің өз жиынтығы бар. Бұл теориялық тұрғыдан мұндай талдау науқаста депрессия және тіпті суицид туралы ойлар бар екенін көрсете алады дегенді білдіреді.

Сан-Диего Медицина мектебінің медицина, педиатрия және патология кафедраларының профессоры Роберт Навио психикалық ауытқу миға қарағанда денеге көбірек әсер ететінін айтады.

Кейбір ауыр жағдайларда депрессияны емдеу мүмкін емес. Мұндай науқастардың көпшілігінде суицидтік ойлар пайда болады, олардың үштен бірі кем дегенде бір рет өзін-өзі өлтіруге тырысады.

Қажетті биомаркерлерді анықтау үшін ғалымдар ауыр, емделмейтін депрессиямен ауыратын жүздеген пациенттің қан анализін сау адамдардың анализімен салыстырды. Қанда айналатын жүздеген әртүрлі қосылыстың бесеуі пациентте төзімді депрессия мен суицидтік ойлардың болуын анықтайтын биомаркер ретінде қолданылды.

ДДҰ мәліметтері бойынша, соңғы 20 жылда әлемнің көптеген елінде суицидтің орташа көрсеткіші тұрақты түрде төмендеп келеді. Әлем бойынша ең кең спектрлі психикалық ауруы бар деп (нашақорлық, шизофрения) 1 миллиардқа жуық адамға диагноз қойылған.