"Тегін беріледі": Louis Vuitton мен Dior антисептиктер шығара бастады

0
898

Францияның 3 зауытында өндірілген санитарлық заттар мемлекетке тегін берілмек.


ERNUR.KZ. Әлемдік бренд LVMH қолды зарарсыздандыруға арналған құралдар шығаруға кірісті, деп хабарлайды Хабар24.

Компанияның президенті Бернард Арно коронавируспен күресте ауруханаларға көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Францияның 3 зауытында өндірілген санитарлық заттар мемлекетке тегін берілмек. Париждің 40 ауруханасына шамамен 12 тонна антисептик жеткізіледі.