Трамп Қырымға қатысты мәлімдеме жасады

0
104

Қырымға қатысты сұраққа жауап берген Трамп өзінің жоспарын үш күнде таныстыруға уәде берді.


Трамп Қырымға қатысты мәлімдеме жасады

фото: Sputnik / Стрингер

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп журналистің Қырымды Ресей аумағы деп тану туралы сұрағына жауап берді. Ол өз жауабында үш күннен кейін Украина бойынша өзінің бейбіт жоспарын ұсынуға уәде берді. Бұл сәттің видеосын New York Post басылымы жариялады, деп жазады sputnik.kz.

"Мен сізге үш күн ішінде толық ақпарат беремін, бірақ біз Украинамен және Ресеймен өте жақсы кездесулер өткіздік. Бәрі қалай болатынын көрейік", - деді Трамп.
Вашингтон Қырымды ресейлік деп тани алады, сонымен қатар АҚШ-қа Запорожье АЭС –ін бақылауын беруді ұсынуы мүмкін.