Түркия Жерорта теңізі түбінен алтын кенішін тауып алды

0
2 008

Олардың құны 6,6 миллиард долларға бағаланған.


Түркия Жерорта теңізі түбінен алтын кенішін тауып алды

ERNUR.KZ. "Гюбреташ" геологиялық учаскесінен 100 тонна алтын қоры табылды. Олардың құны 6,6 миллиард долларға бағаланған, деп жазады zakon.kz.

Кен орны Жерорта теңізінің түбінде орналасқан.

Түркияның жалпы алтын қоры шамамен 6,5 мың тоннаны құрайды, оның 1,5 мың тоннасын өндіруге рұқсат берілген, яғни 405 миллиард доллардың кенішін.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда 18 алтын өндіретін кәсіпорын жұмыс істейді. Төрт жоба инвестициялық сатыда, сегіз жоба техникалық-экономикалық бағалау сатысында. 2001 жылға дейін Түркия алтын мүлде өндірмеген. Өндіріс алғаш рет 2001 жылы Овачик алтын кен орнында қолға алынды (Измир, Бергама).

Алғаш өндірілген алтын көлемі жылына 1,4 тоннаны құраса, 2019 жылдың аяғында ол жылына 38 тоннаға дейін өсті. Сонда 19 жыл ішінде 340 тонна алтын өндірілді.

Түркияда өндірілген алтын сұранысты қанағаттандырмайтындықтан, соңғы 25 жылда жылына бұл елге 160 тонна болатын 4 000 тонна алтын импортталды.