Еңбек биржасында 1 млн-нан астам бос жұмыс орны жарияланады

0
108

Сұранысқа ие мамандар қатарында орта мектеп мұғалімдері, тәрбиешілер, күтушілер, мейірбике қызметкерлері мен күзетшілер бар.


Еңбек биржасында 1 млн-нан астам бос жұмыс орны жарияланады

фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ERNUR.KZ. Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 1млн 93 мыңнан 1 млн 251 мыңға дейін бос жұмыс орындары жарияланады, оның 243-350 мыңы жұмысшы мамандықтарына тиесілі болады, деп жазады sputnik.kz.
Сұранысқа ие мамандар қатарында әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері, мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер, күтушілер, мейірбике қызметкерлері мен күзетшілер бар.
"Бос жұмыс орындарының шамамен 40%-ы білім беру және денсаулық сақтау салаларына, 8%-ы өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және сауда салаларына, 7%-ы құрылыс салаларына жатады", – делінген хабарламада.
Қалалар бөлінісінде бос жұмыс орындар:
Астана қаласы - 102 мың бос орын;
Алматы қаласы – 84 мың бос орын;
Түркістан облысы - 81 мың бос орын күтілуде.
Кәсіптер бөлінісінде білікті жұмыскерлер үшін:
орта мектеп мұғалімдері - 29,5 мың;
мектепке дейінгі білім беруде - 22 мың тәрбиеші;
науқастарды күту бойынша 19 мың қызметкер;
бастауыш мектеп мұғалімдері үшін 17 мың бос орын болады деп күтілуде.
Жұмысшы кәсіптеріне қатысты бос жұмыс орындары:
аспазшылар – 11,6 мың;
сантехник пен құбыр жүргізушілер – 11,3 мың;
қазандықтар мен бу машиналарының операторлары – 9,9 мың;
құрылысшылар-монтажшылар – 9,1 мың;
өнеркәсіптік жабдықтардың слесарлары – 9 мың;
автобус жүргізушілері – 7,6 мың;
электр энергиясын өндіру жөніндегі операторлар – 6,7 мың бірлікті құрайды деп күтілуде.