Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан Forbes тізіміндегі олигарх Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шыққанын растаған болатын.
Фото: instagram
ERNUR.KZ. Қазақстандық байер Жансая Әміршәріпқызы журналист Динара Сәтжанның неке қию рәсіміне киген образы қанша тұратынын санады, деп жазады ulysmedia.kz.
Байердің сөзінше, Динара Сәтжанның неке қию рәсіміне киген шапаны өз брендінен. Бағасы 450 мың теңге. Көйлегі шамамен 200 мың теңге.
Bvlgari брендінен сырғасы 7 430 000 теңге тұрады.
- Ал алқасы 15 921 000 теңге. Білезігі толық гауһар тастармен апталған. Бағасы 26 930 000 теңге. Сақинасы да Bvlgari брендінен, 17 100 000 теңге. Ал Cartier брендінен сақинасы 2 211 000 теңге. Білезігі де Cartier брендінен, бағасы 6 486 000 теңге. Тағы бір білезігі 2 300 000 теңге. Қолында yana брендінің білезігі, 6 908 000 теңге, дейді байер.
Ал неке жүзігі өте үлкен гауһар тастан жасалған. Құны 150 миллион теңге. Динара Сәтжанның неке қию рәсіміне киген бүкіл образы 235 836 000 теңге болған.
Еске салайық, сәуірде танымал тележүргізуші Динара Сәтжан Forbes тізіміндегі олигарх Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шыққанын растаған болатын.
Жұмабек Жанықұлов — қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері және меценат. 2022 жылы ол Forbes журналының нұсқасы бойынша «Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері» рейтингінде 46-орынға ие болды.
Ашық дереккөздегі мәлімет бойынша, Жанықұловтың бірнеше кәсібі бар.
• Karazhal Operating – Қарағанды облысындағы барит кенін өңдеумен айналысатын компания. Бұл жоба америкалық Halliburton компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады.
• Global Chemicals Company – Тау-кен байыту және мұнай-газ өнеркәсібіне арналған арнайы химикаттарды жеткізуші компания.
• Saryopan Operating – Бельгиялық Carmeuse Group компаниясымен бірлесіп құрылған химиялық реагенттер өндіретін зауыт.
• Тараз металлургиялық зауыты – Жанықұлов убыточты жағдайда сатып алып, қайта жандандырған ферросплав өндірісімен айналысатын кәсіпорын.
• Nova Medical Centre – Қазақстанның бірнеше қаласында 11 филиалы бар медициналық-диагностикалық орталықтар желісі.
Жұмабек Жанықұлов – «Кемел Ұрпақ» қоғамдық қорының президенті және жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясы PARYZ ұйымының президиум төрағасы.