1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай Шымкентте дәстүрлі жүгіру марафоны ұйымдастырылады.
А.Асқаров атындағы дендросаябақта бастау алған спорттық шараға 500-ге жуық қала тұрғыны, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Ассамблея жастары, спорт сүйер азаматтар мен белсенді жастар қатысады.
Қазіргі таңда көпұлтты Шымкент қаласында 100-ден астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қалада жұмыс істеп тұрған 16 этномәдени бірлестік қоғамдағы ынтымақ пен келісімді нығайтуда елеулі рөл атқарып келеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Президенттің қолдауымен спортпен айналысатын жастардың саны артып, салауатты өмір салты — қоғамда қалыпты үрдіске айналып келеді.