Түркияда халықаралық рейстер қайта ашылды

0
631

Әзірге тек үш елге ұшақтар ұшуда.


Түркияда халықаралық рейстер қайта ашылды

ERNUR.KZ. Turkish Airlines пен оған еншілес Anadolu Jet әуе компаниялары халықаралық рейстерді қайта ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге ұшақтар Германия, Ұлыбритания және Нидерланд елдеріне ғана ұшып жатыр.

Сонымен қатар, әуе компаниялары тек Еуроодақ елдерінің азаматтары мен одақ аумағында тұруға ықтиярхаты бар жолаушыларды ғана тасымалдауда.