СҚО-да тағы бір әскери қызметші өлі табылды

0
355

Оқиға қызметтен тыс уақытта болған.


СҚО-да тағы бір әскери қызметші өлі табылды

ERNUR.KZ. Петропавлда үйлердің бірінің жертөлесінде қорғаныс істері департаментінің келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшісінің денесі табылды. Оқиға 21 қыркүйекке қараған түні Петропавлда болған, деп жазады inform.kz.

Мәлім болғандай, оқиға қызметтен тыс уақытта болған.

«Алдын ала ақпарат бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне-өзі қол жұмсады. Оқиға орнында суицид алдында жазылған хат табылды. Себептері мен жағдайлары анықталуда. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін 7 қыркүйекте Ақтау қаласындағы ҚР ҚМ әскери бөлімдерінің бірінде сарбазға оқ тиіп, қайтыс болды. Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ал кейінгі 3 жыл 9 айда Ұлттық ұлан қатарында борышын атқарып жүрген 11 сарбаз мерт болған...