Түркияда коронавирустың ауыр жағдайымен тіркелгендер саны артты

0
679

Қайтыс болғандар саны 6 мыңнан асты.


Түркияда коронавирустың ауыр жағдайымен тіркелгендер саны артты

ERNUR.KZ. Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар арасында сырқаттың ауыр ағымы көбейгенін мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Бүгін вирус жұқтырғандар саны тағы 546 науқасқа артты. Қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны 6 мыңнан асты. Оған қоса сырқаттың ауыр жағдайымен тіркелу көбейді, - деп жазды министр.

Түркияда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 267 064 науқасқа жеткен, қайтыс болғандар саны 6284. Ал 242 812 адам коронавирустан жазылып шыққан.

Вирустың таралуына қарамастан ел билігі туристік маусымның жалғасуына бар жағдайды жасауда.