Түркияда туристер мінген автобус аударылды

0
140

Автобус Невшехирден саяхатшылардың сүйікті мекені Каппадокия аймағы, Аланьяға (Анталья провинциясы) бара жатқан.


Түркияда туристер мінген автобус аударылды

ERNUR.KZ. Түркияның орталық бөлігіндегі Невшехир қаласының маңында автобус аударылды. 18 адам зардап шекті, оның ішінде 15-і турист, деп жазады zakon.kz.

Sabah газетінің хабарлауынша, автобус Невшехирден саяхатшылардың сүйікті мекені Каппадокия аймағы, Аланьяға (Анталья провинциясы) бара жатқан.

Алдын ала ақпарат бойынша, апат жүргізушінің рульге ие бола алмауынан болған. Оқиға орнына дәрігерлер мен полиция жедел келіп, тиісті көмек көрсеткен.

Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Бұған дейін Ирандағы шахталардың бірінде жарылыс болып, 50 адам қаза тапқаны хабарланды.