Түркияда зымыран жасайтын зауыттағы жарылыстан 5 адам көз жұмды

0
832

Жағдайды құқық қорғау органдары зерделеп жатыр.


Түркияда зымыран жасайтын зауыттағы жарылыстан 5 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі MKE қорғаныс компаниясындағы жарылыстан қызметкерлер қаза тапқанын растады, деп жазады inform.kz.

Анкара провинциясының Эльмадағ ауданында орналасқан зымыран техникасы мен жарылғыш зат шығаратын MKE («машина және химия өнеркәсібі») зауытында жарылыс болған.

Оқыс оқиғадан бес қызметкер көз жұмды.

Бұл туралы сенбіде Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ведомство 10 маусым күні таңертең болған қайғылы оқиғаға байланысты әкімшілік тергеу басталғанын атап өтті.

Жағдайды құқық қорғау органдары зерделеп жатыр.

Зауыт қызметкерлерінің жақындары кәсіпорынның алдына жиналып, қандай да бір хабар күтіп тұр.

Зардап шеккен біраз жұмысшы жедел жәрдем көлігімен төңіректегі ауруханаларға жеткізілген. Кейбірінің жағдайы ауыр екені хабарланды.