​Түрмедегі күйеуімен түн өткізген әйел қайтыс болды

0
17 630

31 жастағы әйел өзімен бірге тұрған еркекпен үш күндік кездесу өткізу үшін №2 түзету колониясына келген.


​Түрмедегі күйеуімен түн өткізген әйел қайтыс болды

ERNUR.KZ. Бурятиядағы түзету колониясында сотталған жігітпен кездесуге барған жас әйел қайтыс болып кетті, деп жазады Zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Олар ұйқыға таңға жуық бірақ жатқан екен.

31 жастағы әйел өзімен бірге тұрған еркекпен үш күндік кездесу өткізу үшін №2 түзету колониясына келген екен. Оларды арнайы ғимараттағы жеке бөлмеге орналастырған.

Тергеу комитетінің дерегінше, олар таңға жуық ұйқыға жатқан, сол кезде әйелдің дене бойы күрт құрысып, қалшылдап кеткен. Дәрігерлер келіп үлгергенше әйел көз жұмды.

Әйелдің денесінен еш жарақат табылмады.

Өлімге көптен күткен осы кездесуге байланысты ішкі толқыныстан асқынып кеткен бір ауру себеп болды, делінеді.

Алайда өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды