Украина Ресеймен ұялы байланысты үзді

0
406

​Украина Ресейге қоңырау шалуға тыйым салды. Бұл туралы Украинаның арнайы байланыс және ақпаратты қорғау мемлекеттік қызметі хабарлады.


Украина Ресеймен ұялы байланысты үзді

ERNUR.KZ. Бұл қадамға ел билігі украин телефондарынан Ресей мен Беларуське ақпарат беруіне жол бермеу үшін барып отыр, деп жазады Экспресс К.

"Украиналық SIM карталардан Ресейге қоңырау шалу шектелді. Бұл шара Ресей мен Беларуське ақпаратты жібермеу үшін енгізіліп отыр. Украинадағы үш ұялы байланыс операторы — Vodafone Ukraine, Kyivstar және lifecell 26 ақпанда Ресей Федерациясы мен Беларусь абоненттері үшін өз желілеріне кіру мүмкіндігін жапты. Украинадағы ұялы байланыс желілері апаттық режимде жұмыс істейді", — деді мемлекеттік байланыс қызметі.