Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.
ERNUR.KZ. Украина батысындағы Луцк қаласында қаруланған ер адам жиырма шақты жолаушы отырған автобусқа шабуыл жасады, деп жазады Тengrinews.kz.
"Бүгін таңертең 102 желісіне Луцк орталығында бір адам шамамен 20 адам отырған автобусқа шабуылдағаны, қолында жарылғыш заттар мен қару-жарақ бар екені туралы хабарлама келді. Облыста "Тұтқын" жедел жоспары енгізілді. Қала орталығының аумағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жабылды. Оқиға орнында полицияның барлық қызметі жұмыс істеп жатыр", - деді сейсенбіде Волынь облысы ұлттық полициясының баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер туралы әзірше ақпарат жоқ.