ҰҚШҰ Бас хатшысы Ресей ядролық қаруды қолданбайтынын айтты

0
534

Станислав Зась Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операция кезінде ядролық қаруды қолдану мүмкіндігін жоққа шығарды.


ҰҚШҰ Бас хатшысы Ресей ядролық қаруды қолданбайтынын айтты

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҰҚШҰ Бас хатшысы жексенбіде ОНТ телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Ядролық қаруды қолдануға келетін болсақ, бізде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің арасында бір ғана мемлекетте — Ресей Федерациясында ондай қару түрі бар. Әскери доктрина ядролық қарудың қандай жағдайларда қолданылатынын қарастырады. Бірақ менің ойымша, қазіргі қиын, өте шиеленісті жағдайда қарамастан ядролық қаруды қолдану мүмкін емес", - деді Станислав Зась.