Ресей мен АҚШ арасында сындарлы келіссөз жүру қарсаңында Англия Кремльді агрессивті мемлекет ретінде көрсетуге тырысады.
ERNUR.KZ. Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллестің "өз басқаруындағы әскерилер украин территориясында орыстарға қарсы соғыспайтынын" жеткізген мәлімдемесіне сілтеме жасап, ағылшындардың Daily Express басылымы эвакуация жоспары туралы хабарлады, деп жазды sputnik.kz.
Газет ұсынған ақпарат бойынша, британдықтардың басым бөлігі Яворов қаласында орналасқан. Бұл Ресеймен соғыс бастала қалған жағдайда әскерилерді шұғыл эвакуациялау нүктесі ретінде қарастырылған Польшаға қол созым жердегі қала.
Украинадағы британ әскерилерінің саны туралы нақты ақпарат жоқ. Ұлыбританияның қорғаныс министрлігінің ресми сайтында мына мәтін ұсынылған:
"Ұлыбритания армиясы даладағы және медициналық дайындықтан бастап снайперлер, броньді техника және артиллерияға қарсы күрес жүргізу курстарына дейін украин қарулы күштерін жаттықтыру арқылы Украинаға көмек көрсетіп отыр". Ол жаққа дала нұсқаушыларынан бөлек тағы киберқауіпсіздіктің алдын алу жөніндегі мамандар да жөнелтілгені белгілі. Донбасс халық республикасының барлау қызметі ұсынған ақпарат бойынша, Украина басқаруындағы Донбасс аумағында қазір химиялық қару жөніндегі британ мамандарының тобы жүр. ДХР қарсылас уландырғыш заттарды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалып жатыр деген болжам жасады.
2018 жылы Украина аумағында корольдік армиясының 77-ші бригадасы жұмыс істеп жатқаны туралы ақпарат пайда болады. Бұл бригада "ұрыс даласындағы әрекеттер барлық кезде тек зорлық-зомбылықты қажет етпейтіндіктен, қазіргі заманда туындаған соғыстар мен қақтығыстарға қатысты әрекет ету бойынша барлық мүмкіндікті біріктіру" мақсатында, басқаша айтқанда, ақпараттық соғыс жүргізу үшін құрылды. "Ресей тарапынан әскери қауіп төніп тұрған" қазіргі шақта бұл бригаданың Лондон үшін маңызы жоғары болып отыр.
Ұлыбритания БАҚ-да "Украинаға шабуыл жасауға дайындалып жатқан" Ресей туралы сөз қозғауға себеп болатын ақпараттық сылтау күн сайын пайда болып отырады. Егер ешқандай себеп табылмаса, онда қауіпсіздік мәселелері жөніндені британ министрі Дэмиан Хайндс секілді Ресейді Қытай, Иран эәне Солтүстік Кореямен бірдей Ұлыбритания үшін қауіпті ел қатарына жатқыза салуға болады: "Олар ақпараттық операциялар жүргізе алады және жүргізіп те жатыр және оларға түрлі әдіспен қатысып жатыр". Бірақ осы бағыттағы Лондон әрекеті туралы жақ ашпады.
Ресей мен АҚШ арасында сындарлы келіссөз жүру қарсаңында Англия Кремльді агрессивті мемлекет ретінде көрсетуге тырысады. Себебі НАТО мен Ресей арасында келісім жасалуына жол бермеу керек.
Владимир Путин Ресей үшін қауіпсіздік кепілдіктерін талап ету кезінде позицияны нақты айқындап атады. "Ресей өз шекарасында бөтен әскери топтарды көргісі келмейді. Мұны түсіну соншалық қиын емес. Егер Қытай Канадамен бірігіп одақ құрса не болатынын елестетіп көріңіздерші. Қуатты елдер мұндайға жол бермейді", - деген Бостон университетінің профессоры Джошуа Шифринсон Путиннің талаптарын орынды деп санайтынын жеткізді. Ал НАТО мен Украина Ресейге жаулық көзқарас арқылы бірігуді көздеп отыр.
Ұжымдық Батыс айқын жағдайды мойындаудан бас тартып отыр. "Украинаға НАТО елдері арқылы қару-жарақ жеткізуде шектеу болмауы жоғары басымдыққа ие. Украина Еуропа қауіпсіздігінің негізгі мәселесі болып отырғандықтан, одақтастар "Солтүстік ағын 2" сынды Ресеймен арадағы бірлескен жобалардан бас тартуға дайын. Украина азаматтарының 60 проценті қолына қару алып, елді қоғауға дайын екенін жеткізді", - деп жазды Ұлыбританияның Чатем-Хаус аналитикалық орталығының қызметкері Орыся Луцевич.
Алдымен Лондондағы, артынша Нью-Йорктегі басылымдар "Ресей шабуылдаған жағдайда" партизан соғысын жүргізу үшін Киев маңында жаттығып жатқан украин резервистері туралы бірінен кейін бірі жазды. Нью-Йорктегі "Таймс" газеті украиндердің 24 проценті соғысуға дайын екенін жазды. Қос басылым ұсынған статистикадағы айырмашылықтың жер мен көктей болуы ол зерттеудің әділдігіне күмән келтіреді. Себебі батыс басылымдарында украиндер туралы түрлі дерек жарияланады.
"Араб көктемі" қарсаңында да дәл осындай жағдай қалыптасты. Сол кезде де қатаң режим мен батыл қарсылық туралы үздіксіз жазып, ашық арандатуларға қолдау көрсетілді. Ауғанстаннан кеткеннен кейін НАТО бойынша одақтастар басқа бағытты нысанаға алды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Кабулдан кетуді "әлемнің басқа бөлігінде іс-қимыл жүргізу үшін күш үнемдеді" деп сипаттады. Бірақ нақты қай аймақта әрекет ететіндерін нақтыламады.
Бірақ Ауғанстандағы жағдайдың куәсі болған британдар "Путин Украинаға басып кірген жағдайда" украин жерінен кететіндерін ашық айтты.