Үндістанда адамға өте қауіпті Нипах вирусы таралып жатыр

0
716

Оңтүстіктегі Керала штатының билігі вирустың таралуына байланысты провинциядағы барлық оқу орындарын жапты.


Үндістанда адамға өте қауіпті Нипах вирусы таралып жатыр

ERNUR.KZ. Үндістанда адамға өте қауіпті Нипах вирусы өршіп жатыр. Мұнда вирусты жұқтырған екі адамның қаза тапқаны ресми расталды, деп жазады stan.kz.

Оңтүстіктегі Керала штатының билігі вирустың таралуына байланысты провинциядағы барлық оқу орындарын жапты.

Үнді дәрігерлерінің айтуынша, штамм адамнан адамға жұғатын нұсқада. Емделіп жатқан 3 жұқтырған адам арасында 9 жасар баланың жағдайы ауыр күйіде. Аурудың таралуын болдырмау үшін көршілес Кожикоде провинциясында сауда орталықтары мен дүкендер жабылды. Бұл соңғы 5 жылдағы 3-ші індет. 2018 жылы осы ауданда вирустан 21 адам қайтыс болған.