Үндістанда ауруханадан өрт шығып 10 нәресте көз жұмды

0
165

Times Now үнділік басылымының мәліметінше, тағы 16 нәресте ауыр жағдайда.


Үндістанда ауруханадан өрт шығып 10 нәресте көз жұмды

ERNUR.KZ. Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Джанси қаласында жаңа туған сәбилерді сауықтыру мекемесінде өрт шығып, салдарынан 10 нәресте қаза тапты. Тағы 16-сы ауыр жағдайда, деп жазады Stan.kz.




Жергілікті билік неонаталдық бөлімшедегі өрттен кем дегенде 10 жаңа туған нәресте қайтыс болған растады. Деректерге сүйенсек, өрт Джанси қаласындағы Махарани Лакшми Бай медицина колледжінің жаңа туған нәрестелерге арналған жансақтау бөлімінде шыққан.

"Жеті дененің кім екені анықталды. Үш дененің кім екені әлі анықталған жоқ", - деді штаттың бас министрінің орынбасары Браджеш Патхак.

Times Now үнділік басылымының мәліметінше, тағы 16 нәресте ауыр жағдайда. NDTV телеарнасының хабарлауынша, өрт шыққан кезде жаңа туған нәрестелерге арналған жансақтау бөлімінде 54 сәби болған.