Үндістанда құс тұмауын жұқтырған екінші адам анықталды

0
310

Құс тұмауын жұқтыру фактісі 5 жылдан кейін қайталанып тұр.


Үндістанда құс тұмауын жұқтырған екінші адам анықталды

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, Үндістанның Батыс Бенгалия штатында 4 жасар бала құс тұмауын, яғни H9N2 вирусын жұқтырған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Науқас баланың тыныс алу жолдары тарылып, дене қызуы көтеріліп, іші ауырған соң жергілікті аурухананың реанимация бөліміне жеткізілген. Үш ай емделгеннен кейін үйге шығарылған.

Баланың отбасында ешкім құс тұмауымен ауырмаған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Үндістанда құс тұмауының адамға жұғу жағдайы екінші рет кездесіп тұр. Бірінше рет 2019 жылы болған.