Үндістанда пиротехника зауытындағы жойқын жарылыстан 11 адам қаза тапты

0
429

Тағы 60 адам жарақат алды.


Үндістанда пиротехника зауытындағы жойқын жарылыстан 11 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Оқыс оқиға Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында болды, деп жазады inbusiness.kz.

"Сейсенбі таңертең Мадхья-Прадеш штатындағы Бейрагарх ауылындағы отшашу фабрикасында болған жарылыс салдарынан 11 адам қаза тауып, 60 адам жараланды", - делінген басылым хабарламасында.

Жарылыс жақын маңдағы 60 үйді қиратты. Бұған қоса билік тағы 100 үйден адамдарды эвакуациялады.

Оқиға орнында құтқару операциясы жалғасып жатыр. Сондай-ақ, ондаған адам зауыт ғимаратының қирандыларының астында қалуы мүмкін. Жарылыстың күшті болғаны сонша, ол 15 шақырым радиуста сезілді.