Билбордтың биіктігі – 30 метрдей.
ERNUR.KZ. Үндістанның ең көп тұрғын қоныстанған қаласы – Мумбайда үлкен билборд адамдардың үстіне құлады, деп жазады stan.kz.
Гхаткопар ауданында шаңды дауыл мен жаңбыр кезінде жарнама тақтайшасы құлаған. Әлеуметтік желіде төтенше жағдайдың видеосы пайда болды.
Қаза тапқандар мен жараланғандардың нақты саны белгісіз. Hindustan Times үш адам, ал Үндістан телеарнасы төрт адам көз жұмды деп хабарлады. Times of India сегіз адам мерт болғанын мәлімдеді. Құлаған қалқан 100-ге жуық адамның үстіне құлаған болуы мүмкін.
Билбордтың биіктігі – 30 метрдей. Үндістан президенті Драупади Мурму үндістандықтарға көңіл айтты.