Үндістанның таулы аймағында су тасқыны болып, 150-ге жуық адам көз жұмды

0
2 620

Гималай мұзы опырылып, тас пен топырақты төменге жылжытып, өзенге құлағанын, салдарынан өзен арнасынан асып, елді мекендерді су басқан.


Үндістанның таулы аймағында су тасқыны болып, 150-ге жуық адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Үндістанның таулы аймағында Уттаракханд штатында қар көшкіні болып, салдарынан өзен суы тасыған. Табиғат апатынан 150-ге жуық адам көз жұмған, деп жазады ҚазАқпарат.

Уттаракханд штатының бас хатшысы Ом Пракаш апаттан 150-ге жуық адамның көз жұмғанын алайда әлі де нақтыланбаған деректер барын айтты.

Оқиға куәгерінің айтуынша, Гималай мұзы опырылып, тас пен топырақты төменге жылжытып, өзенге құлағанын, салдарынан өзен арнасынан асып, елді мекендерді су басқан.